8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

2026 жылғы 28 қаңтарда М. Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжінде елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды түсіндіруге, сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құндылықтарын насихаттауға арналған қалалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын жүзеге асыру, студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жеке қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару.

Семинарға:

  • Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ басшысы Байтасов Дидар Дулатұлы;
  • Астана станциясы көліктегі полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімшесінің құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Сағынбай Есқанат Есболұлы;
  • Сарыарқа аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Маутбекова Шуғыла Аманқызы;
  • колледж әкімшілігі мен аталған орталықтың әдіскерлері қатысты.

Семинар барысында жасөспірімдердің жеке қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу, студенттер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жолдары кеңінен талқыланды. Заңды білу ғана емес, оны құрметтеу мен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың азаматтық борышы екені ерекше атап өтілді.

«Заң және тәртіп» құндылықтары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында болашақ мамандарды адал, жауапты әрі ел дамуына үлес қоса алатын саналы азамат етіп тәрбиелеудің берік негізі болып табылады.

Skip to content