“Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару” мамандығы бойынша 3-курс студенттерінің өндірістік тәжірибені қорғауы өтті.
9М-АТУ-23-1к тобында 2025 жылғы 08 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында өткен КМ6 “Автоматтандырылған станциялық сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді орындау” өндірістік тәжірибесінің қорытынды қорғауы ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқандар:
- Ахметов Б.Ж. – директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;
- Нурмагамбетова Г.Г. – арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік тәжірибе жетекшісі;
- Оңғарбаева Б.Б. – арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік тәжірибе жетекшісі.
Қорғау барысында студенттер колледжде алған теориялық білімдерін өндірістік жағдайда тиімді қолдана алатындықтарын көрсетті, кәсіби дағдыларын дәлелдеді.
Өндірістік тәжірибені қорғау тиісті деңгейде өтті, бұл өткен тәжірибенің тиімділігін және студенттердің жоғары деңгейде дайындалғанын айқындайды.