«Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)» мамандығы бойынша
3–4 курс студенттері 9ЦМ-ЭС-22-1к (КМ5) және 9М-ЭС-23-1к (КМ3) топтарында
2025 жылғы 08 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында өткен өндірістік практиканы қорғаудан өтті.
Іс-шараға оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Ахметов Б.Ж. және практика жетекшісі Турганбаев М.А. қатысты.
Қорғау барысында студенттер колледжде алған теориялық білімдерін нақты өндірістік жағдайда тиімді қолдана алатынын көрсетіп, кәсіби дағдылары мен жауапкершілік деңгейін дәлелдеді.
Өндірістік практика қорғауы жоғары деңгейде өтті, бұл студенттердің сапалы даярланғанын және практиканың тиімді ұйымдастырылғанын көрсетеді.