8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

2026 жылғы 20 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің
«Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқу-әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты – ТжКББ ұйымдары педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи білім беру талаптарына сәйкес тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Іс-шара барысында педагогтердің кәсіби өсуіне бағытталған мотивациялық тренинг, авторлық оқу-әдістемелік материалдарды сараптау, аттестаттаудан өтудің негізгі кезеңдері, заманауи сабақты жоспарлау, оқу нәтижелерін бағалау, сондай-ақ сабақты цифрлық трансформациялау мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Семинарды «Әдістемелік орталық» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері жүргізіп, қатысушыларға практикалық кейстер мен нақты әдістемелік ұсыныстар ұсынды. Пікір алмасу және кері байланыс алаңы ұйымдастырылып, педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған өзекті ұсыныстар айтылды.

Skip to content