Колледжде «Жас маман» мектебінің жетекшісі Гакку Халелқызының бастамасымен және әдістемелік кабинет жұмысының ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған «Жас маман және тәлімгер» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар барысында жас мамандар жарты жыл көлемінде тәлімгерлерінен алған білімдері мен әдістемелік тәсілдерін оқу үдерісінде қалай тиімді қолданатыны туралы баяндап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жас маман, химия пәнінің оқытушысы Бердаулет Меруерт ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесін дайындау жолдары мен оны тәжірибеде жүзеге асыру кезеңдерін жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар арнайы пәндер оқытушылары Әсем Жанатбекқызы мен Диляра Саматқызы студенттерді мамандыққа даярлау барысында жасанды интеллект, цифрлық және заманауи білім беру платформаларын қолдану арқылы сабақтардың мазмұнын қызықты әрі тиімді ұйымдастыру тәжірибелерін нақты мысалдармен көрсетті.
Семинар-практикум соңында колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аймағамбетова Б. А. жас мамандардың белсенділігіне алғыс білдіріп, әдістемелік кабинет тарапынан бір апта бойы ұйымдастырылған әдістемелік іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.