Аталған жыл аясында М. Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжінде бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Білім беру сапасын арттыру бағытында жүйелі қадамдар жасалып, кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық едәуір нығайды.
Сонымен қатар халықаралық байланыстар кеңейтіліп, Қытай Халық Республикасымен тәжірибе алмасу жолға қойылды. Оқытушылар мен студенттер үшін стажировкалар ұйымдастырылып, бірқатар ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Аталған бастамалар кадр даярлау сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Белгіленген негізгі бағыттар мен стратегиялық жобалар 2026 жылы да өз жалғасын табатын болады.