8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттары М. Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжінің студенттеріне арналған лекциялық сабақ өткізді.

Іс-шара жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

🔸 Лекция барысында қоғамда кең таралған қылмыс түрлері, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, олардың салдары мен заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу жолдарына ерекше назар аударылды.

🔹 Аталған іс-шара болашақ басшылар мен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сондай-ақ білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Skip to content