8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

9М-ОПУ-24-3К тобы «Құқық қаласы» атты қалалық квестке белсенді қатысып, жоғары деңгейдегі теориялық білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін айқын көрсетті. Квест барысында студенттер түрлі құқықтық жағдаяттарды сәтті шешіп, тапсырмаларды дәл әрі жедел орындау арқылы өздерінің кәсіби дайындығының жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

Командалық бірлік, жауапкершілік және жылдам шешім қабылдау дағдыларының нәтижесінде топ мүмкін болған 100 балдың 96 балын жинап, қалалық деңгейде жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бұл нәтиже – студенттердің табанды еңбегі мен жетекшілерінің тиімді бағыт-бағдарының жемісті болғанының айқын көрінісі.

Skip to content