01 желтоқсан 2025 жылы М.Тынышпаев атындағы ALT көлік колледжінде «Заң және тәртіп» тақырыбында студенттер жиналысы өтті. Жиналысты колледж директоры М. Жумадильдин және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Сарсенбаева жүргізді.
Кездесу барысында студенттерге «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі» бойынша жауапкершілік мәселелері түсіндіріліп, кодекстің негізгі баптары нақты мысалдармен таныстырылды. Сонымен қатар «Адал азамат – біртұтас тәрбие» тақырыбы аясында кең көлемді ақпарат беріліп, студенттерге арнайы дайындалған слайдтар көрсетілді.
Жиналыста бірнеше маңызды тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда, «Вандализм — ортақ мүлікке әдейі зиян келтіру» ұғымы түсіндіріліп, оның құқықтық салдары айтылды. «Кибербуллинг: қауіпсіз цифрлық орта – әр студенттің құқығы» тақырыбында интернеттегі қорлау, қысым көрсету және агрессияның алдын алу жолдары баяндалды. «Адалдық пен шыншылдық – болашаққа қалдырған ең құнды мұра» және «Күнделікті өмірде адалдық пен шыншылдықты ұстану» қағидалары жөнінде жастарға адамгершілік құндылықтарды сақтау маңыздылығы түсіндірілді.
Сондай-ақ «Достық қарым-қатынас пен татулық бірге» тақырыбында студенттер арасындағы сыйластық пен бірлікке назар аударылды. «Зиянды әдеттердің алдын алу» бөлімінде темекі, алкоголь және басқа да зиянды әдеттердің денсаулыққа зияны туралы ақпарат берілді. Жиналыс соңында «Патриотизм, отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік» мәселесі талқыланып, жастардың елге деген құрметі мен азаматтық борышын сезінуінің маңыздылығы атап өтілді.
Бұл кездесудің мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, тәрбиелік құндылықтарды насихаттау және заңға бағынатын жауапты азамат қалыптастыру.