8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Қазақстанның таеквондо (WT) құрамасы Найробиде өтетін U21 Әлем чемпионатында өнер көрсетеді.
3–6 желтоқсан аралығында Кения астанасында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі өтеді. Бұл додада ел намысын 16 қазақстандық таеквондошы қорғайды.

Олардың қатарында +73 кг салмақ дәрежесінде сынға түсетін біздің студентіміз — Ыдырыс Алтыншаш бар.
Сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!

Skip to content