8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

«Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандығының 2-курс студенттері 9М-АТУ-24-1к, 9М-АТУ-24-2к, 9М-АТУ-24-3к топтарында ПМ 6 модулі бойынша «Сигнализация, орталықтандыру және блоктау автоматтандырылған станциялық жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» пәнінен емтихан өтті.

Студенттер жоғары дайындық деңгейін, сенімді практикалық дағдыларын және қазіргі заманғы СЦБ жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін терең түсінетінін көрсетті.

Болашақ мамандар жабдықпен жұмыс істей білу, ақауларды анықтау және жою, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау дағдыларын меңгергенін дәлелдеді.

Студенттерді емтиханды сәтті тапсыруымен құттықтаймыз және алдағы кәсіби жолдарында үлкен жетістіктер тілейміз!

Skip to content