Қазақстан Республикасындағы Түркия Елшілігінің Ақпарат және мәдениет атташесі Зүлпү Томан мырзасының қатысуымен ұлы ойшыл, халқымыздың мақтанышы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай және түркі әуендері: Рухани үндестігі» атты рухани кездесу кеші өтті.
Бұл шараның мақсаты — бауырлас елдер арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетіп, ұлы ақын Абай Құнанбайұлы мен түрік ойшылы Юнус Эмре жырларының рухани үндестігін дәріптеу және жас ұрпақ санасында мәңгі сақтау.
Рухани кешіміздің шырайын аша түскен:
* Астанамыздағы №62 мектептің «Ғибратты сынып» саз- сырнайшы өнерпаз оқушылары
* Абай рөлін шебер сомдап, жүрек тебірентерлік өлең оқыған 2-курс студенті Шаймағанбетов Бексұлтан
* Колледжіміздің домбырашылары мен 1-курс 9М_АТУ_25_1к тобының өнерлі жастары
Кеш соңында колледж директоры Жумадильдин Әлишер Мейіржанович мәртебелі қонағымызға және қатысушыларға жүрекжарды алғысын білдірді.
Осындай игі шаралар бауырластық байланыстарды нығайтып, жас ұрпақтың рухани дүниесін байыта беретініне сенім білдіреміз!