Бүгін колледжімізде Республика күніне арналған «Берекеміз – бірлікте» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтеріліп, Әнұран орындалды.
Колледж директоры Жұмадильдин Алишер Мейржанович ұстаздар мен студенттерді Республика күнімен құттықтап, ел бірлігінің маңыздылығын атап өтті.
Арнайы шақырылған қонақ – Садықанов Мағжан Садыханұлы,
«Әділетті Қазақстан» республикалық ғылыми-саяси инновациялық орталығының директоры;
ҚР Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі;
ҚР Журналистер одағы Астана қаласы филиалының төрағасы;
Журналистер академиясының академигі, философия ғылымдарының кандидаты, ақын-журналист;
«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның құрметті азаматы —
іс-шараға арнайы қатысып, жастарға елдік пен отансүйгіштік туралы әсерлі ойларын жеткізді.
Сонымен қатар қоғам қайраткері Есимбеков Габиден Мұқажанұлы дәстүрлі ән орындап, мерекелік көңіл күй сыйлап, студенттерге бейбіт өмірдің қадірі мен рухани дамудың мәні жайлы тәлімді кеңес айтты.
Іс-шараның басты мақсаты — жастарды отанды сүюге, рухани дамуға және бірлікке тәрбиелеу.