Қазақ елінің ең маңызды мерекелерінің бірі – Республика күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығы» филиалының алаңында мини-футболдан достық турнир өтті.
Аталған турнирге қатысқан М.Тынышпаев атындағы АЛТ “Астана көлік колледжінің” футбол құрама командасы жоғары деңгейде ойын көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қола медальмен марапатталды!
Сонымен қатар, ерекше шеберлік танытқан арнайы пәндер оқытушысы Тұрғанбаев Мерей Абулатипович турнирдің “Үздік ойыншысы” атанып, арнайы грамотамен марапатталды.
Команда құрамында болашақ теміржолшылар – колледждің білімгерлері де бақ сынады.
Олар өздерінің кәсіби шеберліктерін дамытып қана қоймай, теміржол саласында қызмет етіп жүрген тәжірибелі мамандармен еркін пікір алмасып, ой бөлісті.
Осындай шаралар — бейбіт заманның жарқын көрінісі, ұрпақтар сабақтастығының айғағы.