Астана қаласындағы М. Дулатов атындағы №68 мектеп-гимназиясы «Кәсіптік сынып» жобасы аясында колледж ұжымы ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, әртүрлі мамандықтармен таныстыру және болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыттау болды.
Кездесу барысында колледждердің өкілдері мен түрлі кәсіп иелері оқушыларға өз мамандықтары жайында қызықты мәліметтер беріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Оқушылар сұрақтарын қойып, мамандықтардың ерекшеліктерін, оқу шарттарын және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктерін білді.
Мектеп ұжымы мен қонақтар бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулер жас ұрпақтың дұрыс бағыт таңдауына үлкен үлес қосатынын айтты.
Ашық есік күні – болашаққа ашылған есік!