1 қыркүйек – Білім күні Астана ALT көлік колледжінде ерекше мерекелік көңіл-күймен аталып өтті!
Көптен күткен жаңа оқу жылының басталуын студенттер, ұстаздар және қонақтар үлкен қуанышпен қарсы алды.
📖 Мерекелік іс-шара барысында жаңа білім сапарына қадам басқан студенттерге ізгі тілектер айтылып, олардың болашағына сенім білдірілді.
Шарадан соң әр топ өз кураторымен бірге “Білім күні – Бейбітшілік күні” атты тәрбие сағатын өткізді. Бұл сабақта бейбіт өмірдің құндылығы, білімнің қоғам дамуындағы рөлі туралы пікір алмасып, жас ұрпаққа рухани серпіліс сыйлады.
✨ Білім – тек мамандыққа апарар жол ғана емес, ол – адамды ізгілікке, парасаттылыққа жетелейтін шамшырақ.
Ал бейбітшілік – біздің ең үлкен байлығымыз, жасампаз болашағымыздың кепілі.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен студенттерге табысқа толы, жемісті, жетістіктерге толы жыл болсын! Әр күн тек жаңа біліммен, жаңа мүмкіндіктермен, жаңа қуаныштармен өрілсін!