07130200 – «Электрмен қамтамасыз ету (сала бойынша)»
Біліктілік: 4S07130202-Техник-электрик
Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;
Техникалық және кәсіптік білім негізінде – 10 ай
Мамандықтың жіктелуі
Электрик – кәсіпорындағы электр және электромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсететін маман.
Электриктің міндеттеріне келесілер жатады:
* электр және электромеханикалық жабдықтарына техникалық пайдалану және қызмет көрсету;
* тұрмыстық машиналар мен аспаптарға қызмет көрсету;
* электр және электромеханикалық жабдықты іске қосу, реттеу және сынау;
* электр жабдықтарының техникалық пайдалану ережелерін сақтау, стандарттау және сертификаттау сынақтарын жүргізу;
* өнімді метрологиялық тексеруден өткізу; ақаулар туралы акт және есеп құжаттамасын жасау;
* пайдалану объектісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Электрик білу керек: электромеханикалық жабдықтарды баптауды, сынауды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді, электр қондырғыларына сервистік қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру.
Электрик істеу білу керек:
- электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау;
- электр және электромеханикалық жабдықтарды баптауды, реттеуді және сынауды жүзеге асыру;
- материалдарды, жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын таңдау үшін нормативтік және анықтамалық әдебиеттерді пайдалану.
Қолданылу аймағы
Электриктер электр және электромеханикалық жабдықтармен жабдықталған кез келген мекемеде жұмыс істей алады. Бұл бейіндегі мамандар құрылыс ұйымдарында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында сұранысқа ие.