8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Спорттық өмір

Астана қаласы колледждерінің қалалық спартакиадасы

2025–2026 оқу жылы

2025–2026 оқу жылында Астана қаласында дәстүрлі колледждер арасындағы қалалық спартакиада өз мәресіне жетті. Бұл спорттық шара елордадағы барлық оқу орындарының студенттерін, оқытушыларын және спорт жанкүйерлерін біріктірді. Ауқымды шара спорт мерекесіне айналып қана қоймай, бірлік пен жігердің, жеңіске деген ұмтылыстың символына айналды.

Спартакиаданың мақсаттары мен міндеттері:

  • жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
  • бұқаралық студенттік спортты дамыту;
  • командалық рухты қалыптастыру және колледждер арасындағы достық қатынастарды нығайту;
  • республикалық жарыстарға қатысу үшін ең үздік спортшыларды анықтау.

Жарыс бағдарламасына төмендегі спорт түрлері енгізілді:

  • жеңіл атлетика
  • футбол
  • волейбол
  • баскетбол
  • үстел теннисі
  • шахмат
  • тоғызқұмалақ

Қатысушылар:
Астана қаласының колледж командалары, 1–4 курс студенттерінен құралған. Әрбір оқу орны жарыстың түрлі спорт түрлерінен өз құрамасын ұсынды.

Колледж командаларын іріктеу және дайындау жұмыстарының жетекшілері:

  • Жаманбай Қ.Қ.
  • Балхожаева Т.Б.
  • Тұрсынғали Н.С.
  • Құсайынов М.Б.
  • Сәбитбек Т.Ү.

Біздің студенттер ұзақ қашықтыққа жүгіру жарысына қатысты:

  • Раимбек Мәди Маратбекұлы
  • Ержанұлы Мейіржан
  • Секоян Армине Акоповна
  • Исмайл Жанель Саматқызы
  • Иманмұса Сәкен Ерғалымұлы
  • Амралова Индира Абаевна

Сондай-ақ колледжде үстел теннисінен жарыс өткізілді.
Турнир қорытындысы бойынша студенттер грамоталармен және кубоктармен марапатталды:

  • Әміртай Мирас — I орын
  • Оспанов Айден — II орын
  • Өмірзақов Медет — III орын
Өз командаңа жанкүйер бол! Спорт – бірліктің символы

Астана қаласы колледждері арасындағы жеңіл атлетика жарыстары

Астана қаласында колледж студенттері арасында жеңіл атлетикадан жарыстар өтті. Бұл спорттық шараға қаланың 20 командасы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжінің студенттер командасы жарыстарға белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

Колледж командасының құрамы:

  • Жұмабек Айдос
  • Мұслим Ералы
  • Қайыржанова Ботагөз
  • Дүйсенбек Ажар

Барлық қатысушыларға ризашылығымызды білдіреміз! Колледждің абыройын лайықты қорғап, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген студенттерімізге алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!

Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы футбол турнирі

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы ALT Астана көлік колледжі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Теміржол көлігін бағалау және дамыту орталығымен бірлесе отырып футбол турнирін ұйымдастырды.

Турнирдің мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында командалық рух пен серіктестік байланыстарды нығайту.

Іс-шара колледж бен орталық арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді. Бұл меморандум студенттерге өндірістік тәжірибеден өтуге және болашақта жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін маңызды құжат болып табылады.

Турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
I орын – колледж оқытушыларының командасы
II орын – колледж студенттерінің командасы
III орын – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Теміржол көлігін бағалау және дамыту орталығының командасы

Болашақ теміржол саласының мамандары мен кәсіби қызметкерлердің бұл спорттық кездесулері тек жарыс қана емес, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік болды.

Барлық командаларға белсенді қатысқандары және ұйымшылдықтары үшін алғыс айтамыз!

Skip to content