8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Дуалды білім беру

Дуальды оқыту — бұл оқытудың теориялық бөлігі білім беру ұйымының базасында, ал практикалық бөлігі жұмыс орнында өтетін оқыту түрі.

Кәсіпорындар білім беру мекемелеріне мамандардың нақты санына тапсырыс береді, жұмыс берушілер оқу бағдарламасын жасауға қатысады

Студенттер кәсіпорында тәжірибеден оқудан қол үзбей өтеді. Дуальды оқыту жүйесінде жұмыс берушінің рөлі күшейіп, сапалы өзгереді.

Кәсіпорын аумағында студенттерге арналған оқу жұмыс орындары құрылады, олар әдеттегі жұмыс орнынан виртуалды симуляциялық жабдықтың болуымен ерекшеленуі мүмкін. Ең маңызды компонент — тәлімгер ретінде әрекет ететін дайындалған кадрлардың болуы.

2023-2024 оқу жылынан бастап «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ Ақмола колледжі 07160500 — Темір жолдардың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандығы бойынша және 07130200 — Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) мамандығы бойынша дуальды оқыту технологиясын оқу процесіне енгізуді жоспарлап отыр.

Ол үшін колледж «Қамқор Локомотив» ЖШС Ақмола локомотив жөндеу депосы және «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы» магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі» кәсіпорындарымен дуальды технологияны пайдалана отырып, аталған мамандықтар бойынша орта буын мамандарын даярлауды енгізу туралы шарттар жасасты.

Skip to content